Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен. «Ескерт! Өйткені ескерту мүміндерге пайда береді». (Зарият, 55) ✅ ҚИЯМЕТ КҮНІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ | МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРДЫҢ ﷺ КЕРЕМЕТТЕРІ Ибн Масғұд айтты: «Мен Пайғамбардан: “Ол уақытты танып білуге болатын қандай да бір белгілері бар ма?”, - деп сұрадым». Ол: «Уа Ибн Масғұд, иә, оларды көрген кезде танып білу үшін мұсылмандар бұл белгілерді білулері тиіс», - деп айтты. Көптеген белгілері бар, солардың бірі – балалар қаһарлы бола бастайды. Жаңбыр жалынды немесе қышқылды болады. Қышқылды жауын-шашын. «Сендер жауыз адамдардың саны артқанын көресіңдер. Уа Ибн Масғұд қиямет күні келуінің белгілері – халық сенімсіз адамдарға сенетін болады, ал сенімді адамдарды қиянатшыл деп есептейді. Шыншыл адамды өтірікші деп атайды, ал өтірікшіні шындықты айтушы деп атайды». Міне осы белгілер. Бұл сөздер Алла елшісінің (ﷺ) көрегенділігін ап-айқын дәлелдейді деп есептеймін. Ол: «Ал тәрелкелер өзара үнемі байланысатын болады», - деп айтты. Және Пайғамбар (ﷺ) спутниктік байланысқа анықтама беру үшін дәл сол сөзді қолданды. «Және адамдар туыстық қарым-қатынасты үзетін болады», басқаша айтқанда олар үйлерінде қалып, спутниктік тәрелке арқылы теледидар көреді. «Және өз көршілерінің хал-жайын біліспейтін болады». Мен мұны таңғажайып хадис деп есептеймін. «Сендер халықты екіжүзді адамдардың билегенін көресіңдер, және ең нашар адамдар нарықты басқарғанын көресіңдер. Сендер де безендірілген мешіттер болады, бірақ жүректер бұзақы болады». Яғни адамдар мешіттерде құлшылық қылады, бірақ олардың жүректерінде тазалық жоқ, ал мешіттің өзі ғажайып. «Оңбаған ешкіге қарағанда, түк те емес секілді, мұсылман адам анағұрлым қорлық көреді. Барлық жерде гомосексуализм мен лезбияндық таралады». Ол сондай-ақ айтты: «Сендер жас жігіттердің үлкен байлығы болғанын көресіңдер». Мысалыға Цукерберг 30 жасқа жеткенше мульти-миллиардер болды. «Сендер әйелдерді бұзатын әртүрлі қозғалыстарды көресіңдер. Сендер өркениеттердің қалай күйрегенін көресіңдер, және әлемнің күйреуі өркениет болғанын көресіңдер». Яғни әлемнің күйреуі өркениет болады. Күйреуі. «Музыкалық аспаптар жаппай таралады. Музыкалық аспаптар адамдардың бастарында болады». Ол бұл жайлы қайдан білді? Бұл хадисте айтылып жатыр ғой. Мен ештеңені ойдан шығарғаным жоқ. Иә «музыкалық аспаптар олардың бастарында» деп айтылып жатыр. Кім бұлай ойлауы мүмкін? Бұл сөздердің нені білдіруін Пайғамбарымыздың (ﷺ) дәуірінде кім білуі мүмкін? Бірақ бүгінде біз мұны көрудеміз. Бұл адамдарды барлық жерде көреміз. Ол: «Сен көптеген қаруланған адамдарды көресің», - деп айтты. Полициялар. Сондай-ақ: «адамдарды күлкі қылып, көңіл көтергенін». Ал қазір адамдарды күлкі қылатын мына барлық телешоуларға қараңыз. «Сендер некесіз туылған көптеген балаларды көресіңдер». Менің елімде қазір 50 пайыздан жоғары. Шынында қайран қаларлық. Және Пайғамбар (ﷺ): «Адамдардың жүректеріне кілемшедегідей соқтығысуды көрсететін болады», - деп айтты. Бұл жерде екі сызық: көлденең және тік. Яғни бұл теледидар. Бұл құрылғы пішіні бойынша кілемшені еске салады. Және Пайғамбар (ﷺ) айтқандай: «Адамдардың жүректеріне кілемшедегідей соқтығысуды көрсететін болады». Шайтан дәл осылай теледидар мен фильмдер арқылы, бүліншілік пен қатыгездікті көрсете отырып адамдардың жүректерін бұзады. Адамдар зорлық-зомбылыққа үйренгенше, қайта – қайта көрсете береді. Олар үшін бұл қалыпты жағдай болады. Бұл енді оларды мұқалтпайды, састырмайды. Алла елшісі (ﷺ) сондай-ақ: «Тозақта мен көрмеген екі түрлі адамдар бар. Сендер қолында сиырдың құйрығына ұқсас қамшысы бар адамдарды көресіңдер. Және олар онымен адамдарды ұратын болады», - деп айтты. Сондай-ақ: «Әйелдер, үстінде киімі бар және сол мезетте жалаңаш секілді. Олар жүрген кезде теңселеді және өздеріне өзгелерді назар аударуға мәжбүрлейді». О Алла, шын мәнінде Пайғамбар ақиқатты айтты. Ол: «Олардың шашы қос өркешті түйенің жүніне ұқсас болады», - деп айтты. Ал бұл арабтарда болған түйелер емес. Олар Парсы елінен келген. Олар түйелерді дәл осылай көрген. Және олар қандай кейіпте екенін білген. «Бұл адамдар Жәннатқа кірмейді». Пайғамбардың (ﷺ) шындықты айтқанын міне мен не үшін айтып отырмын. Ол: «Менің үмметімнен адамдар алкогольді ішімдіктерді ішетін болады. Бірақ оларға басқа атаулар беретін болады», - деп айтты. Шынында олардың әртүрлі атаулары тым көп. Мен шайтанның азғыруынан Алладан пана тілеймін. Және насихатты/ескертуді жеткізгеніме Алла куә. Шейх Хамза Юсуфтің дәрісінен үзіндіні сіздердің назарларыңызға ұсынамыз! © ҰЛТЖАНДЫ БАУЫРЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ